Нидерландыда қазақстандықтарға «ақылды» ауылшаруашылық технологиялары көрсетілді

«Қазақинвест» ұлттық компаниясы мен Нидерландыдағы Қазақстан елшілігі қазақстандық ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің қызғалдақтар еліне сапарын ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Отандық бизнес өкілдері Нидерландыдағы бірқатар ауылшаруашылық кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарын аралап, ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің инновациялық технологиясымен танысты. Сапар аясында нидерландылық кәсіпкерлер Қазақстанның аграрлық саладағы әлеуеті мен еліміздің инвестициялық климатының ерекшеліктері ұсынылған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

inform.kz



Ұқсас тақырыптар