«Бақытты жанұя» – балаларға базарлық

Кітапсүйер қауым үшін қуанышты жаңалық! Жуырда сәбилер мен балалардың ой-танымын арттыруды көздеген «Бақытты жанұя» ойын кітапшасы жарыққа шықты. Кітап авторы – Айтқұрманова Жанар Қуандыққызы.

1.JPG

«Дүниенің кетігіне кірпіш болып қалану – әр адамның арманы. Сіздің қолыңыздағы «Бақытты жанұя» бүлдіршіндерге арналған ойын кітапшасының тәрбиелік мәні өте зор. Баланың ой-өірісін қалыптастыруына, кітап оқуға деген ынтасын оятуға көмектеседі! Қазір елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түрлі игі бастамалар қолға алынып жатыр. Осы кезеңде сәбилердің болашағына пайдалы істерді қолға алып, ұлттық құндылығымызға көбірек назар бөлуіміз керек. XXI ғасырдың зымыраған уақытымен таласа өсіп келе жатқан сәбилер ұялы телефоннан бас алмайтынын айтпасақ та жетік білесіздер. Бұл ойын кітапшасы бүлдіршіндеріміздің сол ұялы телефонға деген тәуелділігін тоқтатуға көмектеседі. Өздеріңіз байқағандай кітапшамызда ұлттық ою-өрнегіміз, киімдеріміз, тағамдарымыз суреттеледі. Бүлдіршіндердің тілдеріне жеңіл де қызықты жаңылтпаштар, жұмбақтар және бабаларымыздың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерін ойын барысында жаттап ала қояды. «Бақытты жанұя» ойын кітапшасы сәбилеріміздің сүйікті құралына айналатынына сенімім мол! Болашақта бұл кітапша өз жалғасын таппақ. Осы кітапшаның шығуына қолдау көрсеткен отбасыма алғысымды білдіремін! Жанұяларыңыз бақытты болсын!», – дейді кітап авторы.

2.JPG

«Ойын балаларын тәрбиелеуде тек кітапты оқып бере салу жеткізіліксіз. Бұл кітаптың ерекшелігі сол – мұнда ырым-тиымдар, мақал-мәтелдер, тәрбиелік мәні бар дүниелер балаға тапсырма ретінде беріліп, ойын түрінде үйретіледі. Сонымен қатар түрлі-түсті суреттермен безендірілген, қиып алынатын фигураларды ретімен, өз орнымен орналастыру баланың зейінін арттырып, танымын кеңейтеді деп ойлаймын. Кітапқа қосымша суретті кітапшасы да бар. Оны балалар түрлі-түсті қарындашпен бояу арқылы өз ойларын дамытады. Қызымның бұл бастамасын қуана құптап, қолдау көрсеттім», – дейді елімізге белгілі актер Қуандық Шәкіржанов. 

3.JPG

«Бақытты жанұя» әр баланың қолынан түспейтін, таным көкжиегін кеңейтетін кітап болмақ. Кітапқа тапсырыс беру – 87079793797 телефон нөмірі арқылы жүзеге аспақ. Кітап «Қазпошта» арқылы Қазақстанның барлық аумағына тегін жеткізіледі. Кітап бағасы – 3500 тг. Төлемді Каспий Голд арқылы жасауға да болады.



Ұқсас тақырыптар