Қызылордада 81 жастағы әжейден ВИЧ инфекциясы табылды

вич.png

Фото: tobolsk.info

Қызылорда облысында 81 жастағы тұрғынның ВИЧ инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Қазіргі таңда кәсіби дәрігерлер қарияны өз бақылауларында ұстап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Алайда мамандар оның қауіпті вирусты қалайша жұқтырып алғанын әзірге нақты айта алмайды.

"81 жастағы әже медициналық мекемеде қаралып жүрді. Мамандар оны операцияға дайындап жатты. Алынған анализдер нәтижесінде қарияның ВИЧ инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Әзірге оның вирусты қалай және қайдан жұқтырғаны белгісіз.

"Күйеуі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Есірткі атаулысына жоламайды. Жыныстық қатынасты біз мүлдем жоққа шығарамыз. Енді бұл оқиғаны тереңірек зерттеу алдағы жоспарда тұр", - деп мәлімдеді Қызылорда облысындағы ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы Әсел Оразғалиева. 


Ұқсас тақырыптар