Алматыда әділет департаментінің ғимараты қоршауға алынды

7.jpg


Алматыда полицейлер қалалық әділет департаментінің ғимаратын қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл мәліметті қалалық ІІД баспасөз қызметі растады.

"Алматыда әділет департаментінің ғимаратында жарылғыш зат бар деген мәлімет келіп түсті. Оқиға орнына жедел қызметтегілер барды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Желіде жарияланған видеода ғимараттың қоршауға алынып, онда полицейлер мен өрт қарсы қызметтегілердің жүргені көрінеді.


Ұқсас тақырыптар