Доминикана республикасында «секс қаласы» ашылмақшы

1.jpg


Жыл соңына қарай Доминикана республикасында «секс қаласы» ашылмақшы. Оның негізін қалаушылар - ресейлік ерлі-зайыпты Денис Крикунов және Анастасия Иванова. Бұл туралы altapress.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлады.

Демалыс орны елдің шығысындағы Пунта-Кана аймағында салынбақ. Аумағы 90 шаршы шақырымды құрайтын қала 1200 тұрғынға арналған. Қала аумағында дүкен, сауда орталығы, салон, клуб және ресторан сияқты ғимараттар орнатылады. Жылжымайтын мүлікті сатып алуға немесе жалға алуға болады.

Денис Крикунов пен Анастасия Иванова эстониялық компанияда жұмыс істеп, халықаралық туризм саласында қызмет еткен. Олар 2013 жылы Доминикана Республикасына көшіп келіп, «арман қаланың» жобасымен айналысуға шешім қабылдайды.

Қалада «көңілді жыныстық қарым-қатынасқа» барлық жағдай жасалады, ал ашық қарым-қатынасты ұнатпайтындар кіре алмайды.

Қала нағыз секстану аймағына айналады. Алғашқы тұрғындарына қалаға кіруге 2018 жылдың бірінші желтоқсанында рұқсат беріледі деп жоспарлануда.


Ұқсас тақырыптар