Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

3.jpg


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 6 маусымда Лондонда өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің келесі жекпе-жегім Лондон қаласында 6 маусымда Йорк Холда өтеді. Бұл менің Ұлыбританиядағы дебюттік кездесуім болады», - деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек, 29 сәуірде Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Оның америкалық боксшы Ноа Киддпен жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жеңісін тойлаған еді.

Аталған кездесуден кейін Елеусінов кәсіби боксшылардың әлемдік рейтингіне кірді.



Ұқсас тақырыптар