Головкин өзінің чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін

7.jpg


Калифорния штатының Карсон қаласындағы "StubHub Center" аренасында өткен бокс кешінде қарсыласы Ванес Мартиросянды сұлатып салған Головкин енді чемпиондық титулынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Сергей Деревянченконың жаттықтырушысы Андре Розье Головкин өздерінің шақыртуын қабыл алмаса, IBF белдігінен айырылып қалатынын мәлімдеді.

"Қазір барлығы Сергей мен Головкиннің жекпе-жекке шыққанын сұрауда. GGG Деревянченкомен жұдырықтаспаса, оның IBF чемпиондық титулын алып қоятынына сенімдімін", - деді Розье.

Айта кетейік, халықаралық бокс федерациясы Головкинге тамыз айына дейін IBF белдігіне үміткер боксшымен кездесу керектігі жайында талап қойған болатын.



Ұқсас тақырыптар