Ким Кардашьян Instagram парақшасына жалаңаш суретін жүктеді

9.jpg


Танымал модель Ким Кардашьян өзінің Instagram парақшасына тырдай жалаңаш суретін жүктеді. Бұл жолы жартылай жалаңаш емес, мүлдем киімсіз ашық түскен.  Осы арқылы ол KKW Body иіссуына клиенттер шақырып, саудасын жүргізбекші. Ал иіссу құтысы Кардашьянның дене бітіміне ұқсайды.

Бірақ модельдің денесін жылтыратып түскен суреттері жанкүйерлерін мезі еткен. Желі қолданушылары Ким Кардашьянға оның ана екенін есіне салып, мұндай суреттерді жүктемеуге кеңес берген.


10.jpg


Бірақ ол өзгелердің пікірі мен көзқарасына бас қатырмайды. Сұхбаттарының бірінде үш баласы бар Ким Кардашьян өз қалауынша өмір сүргісі келетінін және денесін көрсетіп суретке түсуден ешуақытта бас тарпайтынын жеткізген болатын.

Дереккөз: sn.kz



Ұқсас тақырыптар