Түркияда британдық азамат ұшақтан құлап, қаза тапты

6.jpg


Ұлыбритания азаматы сейсенбі күні түріктің Даламан әуежайында ұшуға дайындалып жатқан лайнерден ұшу-қону жолағына құлап түскен, деп хабарлайды The Daily Telegraph басылымы Біріккен Корольдіктің СІМ өкіліне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-тер шамасында болған. Әуе кемесінің экипажы әлгі жолаушыны рейстен түсіріп тастауға әрекеттенеді. 30 жасар ер адамды стюардессалар есіктен шығармақ болған кезде ол салоннан құлап кеткен.

Hürriyet түрік газетінің мәліметінше, қабырғалары сынған жолаушы ауруханада көз жұмған.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ұқсас тақырыптар