Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды

1.jpeg


Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жобасының эскизі таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook желісінде айтты.

2018 жылы 31 мамырда ҮААЖҚ құрылысы бастау алды. 

2.jpeg

"Бүгін көптен күткен ауқымды жобалардың бірі Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды. Бұл жобаның инвесторлары - "Alarko-Makyol-SK-Korea Express Way" түрік-корей консорциумы. Жоспар бойынша 6 жолақты қозғалысы бар 1-техникалық санаттағы ұзақтығы 66 шақырым айналма жол салынады", - дейді Жеңіс Қасымбек Facebook желісіндегі парақшасында. 

3.jpeg

Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласының аумағындағы қозғалыс ағынын төмендетуге, негізгі автокөлік жолдарындағы кептелісті азайтуға, транзиттік көліктер санын қысқартуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді.

Оған қоса Еуропа мен Азияның арасын жалғайтын автокөлік дәлізімен жүретін қозғалысқа дем береді. Бұл жобаның құрылысына шамамен 3 мыңға жуық жұмыс күші тартылады. Жобаға сәйке құрылыс жұмыстары 50 айға созылады.

4.jpeg

Ұқсас тақырыптар