Зинедин Зидан "Реалдан" кеткенін жариялады

3.jpg


Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан бүгін баспасөз конференциясында ресми түрде өз қызметінен кеткенін мәлімдеді. Баспасөз конференциясында Флорентино Перес қатысып отыр. 

2016 жылы 4 қаңтарда француз маманы "Реал" клубының бас бапкері Рафаэль Бенитестің орнына келген еді. Оның басшылығымен "Реал" Испания чемпионы, Испания Суперкубогының иегері, үш рет Чемпиондар лигасын жеңді, екі рет УЕФА суперкубогын жеңді және екі рет әлем біріншілігінде клубтық жеңімпаз атанды. Жалпы есеппен алғанда Зидан басшылық еткен уақытта "Реал" тоғыз рет чемпиондық трофейді жеңіп алды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар