Қытай тибеттіктерді де «қайта тәрбиелеп» жатыр

4.jpg

Қытай билігі Тибет автономды ауданынан шыққан будда өкілдері мен жергілікті шенеуніктерді арнайы семинарға жіберіп жатыр. Оларға ҚХР-дың аймақтағы саясаты, этникалық және діни проблемалары, дипломатиялар жөнінде айтып береді. Бұл туралы The Washington Post жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

35 шенеунік елдің шығысындағы Сучжоу қаласында оқыды. Сол кезде аймақтың басты қаласы Лхастада монах ұл-қыздарға тренинг өтті.

Курсқа қатысқан дін қызметкерлерінің саны нақтыланбайды. Оларға үкіметтің Тибеттегі іс-әрекеті туралы айтылып, билік жүргізіп жатқан саяси курсқа сенімді болуға және нақты азаматтық позицияны ұстану тапсырылды.

Газеттің жазуына қарағанда, мұндай шаралар Пекин мойындамайтын Далай-ламаның танымалдығын бәсеңдетуді мақсат тұтқан.

Далай-лама XIV – тибет халқының діндар адамы. Ол 1959 жылы Қытайдан кетіп осы уақытқа дейін Үндістанда тұрып жатыр. 1989 жылы Нобель сыйлығын алды. Қытай билігі оны тибет сепаратистеріне басшылық етті деп айып тақты.


Ұқсас тақырыптар