Ильин мен Чиншанло спортқа қайта оралды

5.jpg

Қазақстандық ауыр атлетшілер Илья Ильин мен Зульфия Чиншанлоның допингке қатысты жарыстан шеттету мерзімі аяқталды, енді олар жарыс тұғырына қайта орала алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sportх.kz сайтына сілтеме жасап.

2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айрылды. Олардың сынамаларында тыйым салынған заттар табылып, төртеуі екі жылға жарыстардан шеттетілді. Жаза мерзімі 2018 жылдың 10 шілдесінде аяқталды.

Жарыстан шеттету туралы белгілі болғанда Майя Манеза мен Светлана Подобедова спорттық мансабын аяқтағаны туралы хабарлады. Ал, Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло спортта қалу туралы шешім қабылдап, осыдан бірнеше ай бұрын белсенді жаттығуға кірісті.


Ұқсас тақырыптар