Нурмагомедов - МакГрегор жекпе-жегінің қашан өтетіні анықталды

3.jpg

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың арасында кездесу қашан өтетіні анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 Ресейлік файтердің әкесі Абдуланап Нурмагомедовтың айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, кездесу 6 қазанда өтеді. Бұл күнде UFC 229 турнирі белгіленген. Кеш Лас-Вегаста өтеді.  

"Қазір болжап айтудың қажеті жоқ, бірақ келіссөз аяқталуға жақын. Конормен. Мен былай деп мәлімдедім: Конор, Тони (Фергюсон), Сен-Пьер немесе жартылай орта салмақтағы чемпион. Алдағы төрт кездесуді осыларға қарсы өткіземіз", - деді Нурмагомедовтың әкесі.

 Мұның алдында Нурмагомедов келесі кездесулерінің бірі 6 қазанда өтетінін мәлімдеген болатын.  

Мамыр айының соңында UFC президенті Дана Уайт та Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы кездесудің 2018 жылдың соңына дейін өтетінін айтқан.  

Нурмагомедов кәсіпқой карьерасында 26 рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 2016 жылдың қарашасынан бері октагонға шықпаған МакГрегор болса жартылай және жеңіл салмақтағы UFC экс-чемпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, үш мәрте жеңілген.



Ұқсас тақырыптар