Әйгілі футболшы Мұхаммед Салах Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты

7.jpg

Қазақстанның Ресейдегі Өкілетті елшісі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ресейде өтіп жатқан футбол чемпионатындағы Ресей мен Египет арасындағы кездесуде қай елге жанкүйер болатынын айтты деп хабарлайды Abai.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мақала авторының жазуынша, Иманғали Тасмағамбетов "Футболдан әлем чемпионатында кімнің жанкүйері боласыз?" деген сұраққа жарысқа қатысушылардың бәріне құрметпен қарай отырып, египеттіктердің жанкүйері болатынын айтқан. Мұның себебі ретінде ол Египет қандық тұрғыдан, тарихы мен рухы һәм діні жағынан бізге жақын ел екенін жеткізіп, Мысыр халифаттығын ұзақ жыл уысында ұстап гүлдендіріп, "Жүректердің әміршісі" атанған Сұлтан Бейбарыстың біздің бабамыз екенін еске салған.

Сонымен бірге автор оның бұл мәлімдемесінен кейін әйгілі футболшы Мұхаммед Салах твиттердегі парақшасында Иманғалиға алғыс айтқанын да жеткізді. Оның бұл пікірі Египеттің президентін де бей-жай қалдырмапты.

"Ал Египет президенті болса, Қазақстан елшісінің қолдауына риза екенін білдіріп, "Жүректердің әміршісі" атанған Бейбарыс Сұлтанды бүкіл Египет халқы мақтан тұтатынын, баба даңқымен рухтанатынын айтқан", - деп жазады мақала авторы Қанат Бірлікұлы.



Ұқсас тақырыптар