Қытайда есірткі қылмысын жасады деген он адам өлім жазасына кесілді

1.jpg

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында Шанвэй қалалық соты сенбіде есірткі қылмысын жасады деген он айыпталушыны өлім жазасына кесіп, үкім сол күні орындалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сотталушылардың есірткі өндірді, саудалады және тасымалдады деп айыпталғаны хабарланып отыр.

"Үкім жарияланғаннан кейін сотталушылар жазаны орындау орнына жеткізілді", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің он шақты бабында қарастырылған. Оның көпшілігі есірткі қылмысына байланысты баптарда.

Дереккөз: tengrinews.kz


Ұқсас тақырыптар