Ресейде Усикті өз боксшысы деп санайды, Ломаченко мен Головкинді де - Гассиев

Боксшы WBSS финалы Мәскеуде өткені дұрыс деп есептейді.

 

 10.jpg

Алғашқы ауыр салмақта IBF және WBA Super чемпионы Мурат Гасиев Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS)  турнирінің финалында WBC және WBO чемпионы Александр Усикпен жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты, деп жазды vesti.kz.

Оның сөзінше, украиналықты Ресейде өз боксшысындай көреді, оның отандасы Василий Ломаченко мен қазақстандық Геннадйи Головкинді де.

"Жақсы жері жекпе-жекке достарым келе алады. Бұл маңызды. Олар қайда болса да аттанар, бірақ, мәселен Сауд Арабиясына бару қиын болады. Усиктің жанкүйерлеріне де Еуропаға барғанша, Мәскеуге келу оңай әрі арзан.

"Олимпийскийде" Усиктің жанкүйерлері менікінен кем болмайтын шығар. Ресейде Александрды жақсы таниды және өз боксшысындай көреді, Василий Ломаченко, Геннадий Головкинмен де солай. Сондықтан  "қарсыластың аумағында жұдырықтасу" деген түсінік бұл жерге келіңкіремейді", - деп жазыпты Гассиев Instagram желісіндегі парақшасына.

Еске салайық, Гассиев пен Усик жекпе-жегі 21 шілдеде Мәскеуде өтеді. Бұл жекпе-жек қалай ақталса да, қарсыластар қарымта өткізетіні хабарланды.


Ұқсас тақырыптар