Джейкобс Головкиннен алып қойылған IBF белдігі үшін рингке шығудан бас тартпақ

1.jpg

Дэниель Джейкобстың промоутері Эдди Хирн Геннадий Головкиннен алып қойылған IBF титулы үшін Сергей Деревянченкоға қарсы өтетін жекпе-жектен бас тартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА allboxing.ru-ға сілтеме жасап.

Эдди Хирн жекпе-жектің Джейкобспен келісімшарт жасасқан НВО телеарнасы арқылы көрсетілуін талап етіп отыр.

5 шілдеге белгіленген саудада жеңіп шыққан промоутер түрлі телеарналардың ұсыныстарын таңдау құқығына ие болады. Өз кезегінде Деревянченконың промоутері Лу Дибелла да осыған үміт артып отыр.

Бірақ Хирннің айтуынша, егер жекпе-жекті басқа телеарна трансляция жасаса, Джейкобс рингке шықпайтынын мәлімдеді. Ондайда IBF Деревянченко үшін басқа қарсылас іздейді.

Еске сала кетейік, маусым айының басында Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырған болатын.

Араға бір апта салып, IBF қаулысына сәйкес, бос тұрған титулға украиндық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен ұйым рейтингінде 3-орында тұрған, америкалық экс-чемпион Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО) таласатыны хабарланған.

Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас тақырыптар