"Бәрібір полиция ай сайын үлесін алады" - алматылық жезөкешелер қызметін заңдастырғысы келеді

5.jpg

Алматыда жезөкешелер өз қызметін заңдастыруды сұрады. Олар салық төлеп, мемлекетке пайдасын келтірмек екен. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылған.

 Софья атты "түнгі көбелек" 15 жылдан бері адал салық төлеуші болғысы келеді екен. Оның "әріптестері" де мемлекетке кіріс келтіргісі келетін болып шықты. 

"Біріншіден, бұл мемлекетке қаншама салық төленеді. Екіншісі - көптеген ер адамдар қауіптен арылады, әйелдер де...", - дейді ол заңдастыруды қолдап.

Қазір жезөкшелік қызметті онлайн табу жеңілдеген. "Түнгі көбелектер" өз қызметін әлеуметтік желі арқылы ұсынатын болған. Софияның сөзінше, клиенттерді интернеттен іздеудің қаупі көшеде тұрудан кем емес екен. Бірде оған ер адам қайшы ала жүгіріпті. 

2.jpeg

 "Қолына бақша қайшысын алды. Менің қай жерімді кесіп алмақ болғанын түсінбедім. Бірақ көзі аларып, қып-қызыл болатын. Шошынып қалдым", - дейді София. 

Оның сөзінше, бұл кәсіп "түнгі көбелектерге" ғана табыс әкеліп жүрген жоқ. "Бізде қыздар әлеуметтік желі арқылы жұмыс істесе де, бәрібір полиция оларды ұстайды. Сосын ай сайын өз үлесін алып кетіп отырады", - дейді ол. 

Сондықтан София мен басқа да жезөкшелер кәсіпкерге айналып, қорғаныс үшін салық төлеуге дайын екен.

Ал заңгерлер жезөкшелерге қазірден-ақ салық төлетуге болатынын айтады. "Бұл кіріс декларациялануы керек, кез келген табыс түрі сияқты - еден жуу, самса сату, көлік жуу дегендей. Өйткені жезөкшелікке жалпы жол берілген. Өз тәнін ешбір делдалсыз сату құқық бұзу ретінде есептелмейді", - дейді адвокат Жангелді Сүлейменов. 

Ал сарапшылар заңнамалық кедергілер болмағанымен, жезөкшелер жақын арада қызметін заңдастыра алмайтынын айтады. Олардың айтуынша, біздің қоғам ондайды әлі қабылдай қоймайды.

3.jpeg

Дереккөз: tengrinews.kz


Ұқсас тақырыптар