Алматыда 5 адамы бар автомобиль шұңқырға түсіп кетті

1.jpg

Алматыда жеңіл көлік жүргізушісі жол белгілерін дер кезінде аңғара алмай, шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 28 маусым күні таңертең Төле би және Әйтиев көшелерінің қиылысында болған. Төле би көшесімен батысқа қарай бара жатқан жеңіл көлік жүргізушісі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан учаскедегі белгілерді аңғармай қалып, шұңқырға түсіп кеткен.

2.jpg

Оқиға салдарынан жүргізуші және төрт жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

3.jpg


Ұқсас тақырыптар