Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті

3.jpg

Орталық Африка Республикасында үш адам қаза тапты, олардан журналист екенін білдіретін құжаттар табылған. Бұл жайында РФ СІМ мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

«Орталық Африка Республикасынан келіп түскен мәлімет бойынша, 30 шілде күні Сибю қаласы маңында үш адамды өлтіріп кеткен. Олардан тек журналист екенін білдіретін құжаттар табылған және ол Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемалға тиесілі», – делінген хабарламада.

Ресей СІМ-нің мәліметінше, қаза тапқандардың денесі Банги қаласына жеткізілген.

«ОАР-ғы Ресей елшілігі бұл елге ресейлік журналистердің келгенін білмеген. Біздің дипломаттар журналистер өлімінің мән-жайын анықтап, олардың денесін елге жіберу үшін жергілікті құқыққорғау органдарымен және үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыста», – делінген хабарламада.

РФ СІМ-і қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, отбасыларына көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Аталған дерек бойынша, Ресей Тергеу комитеті адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жыл басынан бері әлем бойынша 66 журналист қаза тапқан. Бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда үш есе көп.



Ұқсас тақырыптар