Ғалымдар Бермуд үшбұрышының құпиясын ашты

1.jpg

Зерттеушілер кемелердің жоқ болып кетуіне 30 метрге дейін көтерілетін толқындар себеп екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Саутгемптон университетінің ғалымдар тобы Бермуд үшбұрышында кемелердің жоғалу себебін түсіндірді. Мамандардың айтуынша, кемелердің жоғалып кетуі толқындармен байланысты. Олар небәрі бірнеше минуттың ішінде кемені толықтай суға батырып жіберулері мүмкін.

Мұндай толқындар ең бірінші 1997 жылы тіркелген еді. Олардың қайдан келетіні әзірге белгісіз. Десе де, күштері жойқын екені сөзсіз. Мамандар мұндай тоқтамға келмес бұрын, тәжірибе жұмысын жүргізген екен.


Ұқсас тақырыптар