Италияда көпір қирады: 31 адам қаза тапқан (видео)

2.jpg

Қазір оқиғаның бірнеше себебі айтылып жатыр: біреулер найзағай түсті десе, басқалары көпір конструкциясының шөгуінен дейді

Италияның сыртқы істер министрлігі Генуя қаласындағы көлік көпірінің қирауынан 31 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады РИА Новости Rainews24 басылымына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 11 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, көпір сейсенбі күні күндіз құлапты. Оқиғаның бірнеше себептері айтылып жатыр: күн күркіреп тұрған кезде, найзағай түсті немесе көпір конструкциясы шөгіп кетті. Ресми тұлғалар теракт туралы мәлімдеген жоқ. Нысанға қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізген компанияның айтуынша, көпір құлайтындай жағдайда болмаған.

 Дереккөз: sputniknews.kz



Ұқсас тақырыптар