Ал сен Нұрсұлтан, премьер-министр боласың – Назарбаев ұстазының сөзін еске алды

2.jpg

Президент Телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектеп жылдарына қатысты түсірілген деректі фильмнің үзіндісін өздерінің Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Фильмде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ұстазы Дмитрий Погорелов жайында әңгіме қозғайды.

«Ол менің болашақ жолымды салып берген адамның нағыз өзі. Бұл жерден алған барлық нәрселер менің кейінгі өмірімнің негізі болды деп сенімділікпен айта аламын. Ол әрқайсымызға нақты мінездеме бере алатын, кімнің қабілеті қандай екенін түгелдей аңғарып тұратын. Саған мұқият қарап тұрады да, аяқ астынан: «Сен жігіт инженер боласың, ал сен цех бастығы болуың мүмкін. Ал сен Нұрсұлтан, премьер-министр боласың» -дегені бар», - дейді Елбасы фильмде.

Аталған деректі фильмді ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube-каналынан көруге болады.



Ұқсас тақырыптар