Әуе Қорғанысы Күштеріне 20 жыл

02.jpg

2018 жылдың 18 қыркүйек айында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Әуе Қорғанысы Күштерінің 20 жыл толу айтулы күніне орай волейбол мен футзалдан спорттық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Mezgil.kz ақпарат агенттігі РЭжБӘИИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Екі күнге созылған спорттық сайысқа әскери институт кафедралары, НАРХОЗ, Спорт және туризм академиясының командалары қатысып бақтарын сынады. Мерейлі турнирде волейболдан РЭжБӘИИ курсанттары жеңісті олжаласа, институт сержанттар құрамы Футзалдан чемпион атанды. Осы тұста Әуе Қорғанысы Күштерінің 20 жыл толу мерекесіне орай курсанттар арасында қол күрес, білтемірге тартылу, жүгіруден, командалық эстафета сайстарынан жүлдегерлерде  анықталды. Жеңімпаз командалар мен курсанттарға институт бастығы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы грамота, медаль,бағалы силықтармен марапаттады.

01.jpg


Ұқсас тақырыптар