Көшпенділер ойындары: Қырғызстан Моңғолияны ойсырата ұтты

1.jpg

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІ Дүниежүзі көшпенділер ойындарында Көкпардан сынға түскен Моңғолия құрамасын қырғыз көкпаршылары ойсырата ұтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қос команда арасындағы есеп - 29:5, қырғыздардың пайдасында. Қырғызстандық команданың жетекшісі Манас Ниязов осы ойында 6 рет салым салып, ерекше көзге түсті.

Көкпар тартудан жалпы 12 құрама команда бақ сынасатын болады. Олар 4 топқа бөлініп, жеке-жеке тартысады. Әр топтан ұтып шыққан команда финалға жолдама алатын болады.



Ұқсас тақырыптар