Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

1.JPG

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 20 қазан күні Бостонда өткізеді. Бұл туралы Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы хабарлады.

Бостондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкиннің салмағында WBO чемпиондық атағына ие Билли Джо Сондерс пен Деметриус Андраде жұдырықтасады. Данияр андеркартта шаршы алаңға шығады. Қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді. Одан кейін 5 тамызда венгр Габор Горбичті айқын басымдықпен жеңіп шықты.



Ұқсас тақырыптар