Жәнібек Әлімханұлының келесі айқасы қашан және қайда өтеді

2.jpg

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы (3-0, 1 КО) келесі айқастың күні мен оның өтетін орнын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Еске салайық, бүгін боксшы АҚШ-та кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

«Барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Қолдау көрсеткендеріңізге үлкен рахмет. Америкадағы бірінші айқас сәтті өтті. Жәнібек ешқандай жарақат алған жоқ. Келесі жекпе-жек 3 қарашада Техаста өтеді. 1-2 күн демалып, қайта дайындыққа кіріседі», - деп жазды боксшының командасы Instagram-дағы парақшасында.

BoxRec.com ақпараты бойынша, қазақстандықтың келесі қарсыласы америкалық Вон Александер (12-1, 8 КО) болмақ. Айқас Эль-Пасода (Техас, АҚШ) өтеді.



Ұқсас тақырыптар