2050 жылы тұтынатын энергияның жартысын баламалы энергия құрауы керек – вице-министр

2.jpg

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 500 кВ-ты «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр торабы жобасының құрылысы жүріп жатыр. Ол Солтүстіктен Оңтүстікке тасымалдауды 2 100 МВт дейін арттырады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Анатолий Шкарупа Алматыда өткен ғылыми конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, 2018 жылдың басынан бері жалпы қуаттылығы 88,9 Мвт жабдық іске енгізілген. Маңғыстау облысында қуаттылығы 38,9 МВт болатын газ поршенді электр станциясы іске қосылса, Жезқазған ТЭЦ-нің №8 станциясына турбогенератор енгізілген, соның арқасында станцияның қуаттылығы 50 МВт өскен. Станцияның жалпы қуаттылығы 252 МВт құраған.

Сондай-ақ ол 2018 жылы Қарағанды ГРЭС-2 №2 станцияға қуаттылығы 130 МВт болатын турбогенератор енгізілетіндігін де айтып өтті.

«Елімізде жаңартылатын энергия көздері саласын дамытудың нақты мақсатты көрсеткіштері қабылданған. 2020 жылы жалпы энергия өндіру мөлшерінің 3% жаңартылатын энергия көздері құрау керек. 2025 жылы - 6%, 2030 жылы - 10%, 2050 жылы жалпы энергия тұтынудың жартысын ЖЭК пен баламалы энергия құрау керек», - дейді ол.

Шкарупа қазіргі таңда елімізде жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы 427,5 МВт болатын 65 нысаны жұмыс істеп жатқанын және жыл соңына дейін ШҚО, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында қуаттылығы 191,6 МВт болатын ЖЭК-тің 5 нысаны пайдалануға берілетіндігін айтты.

«Энергетика саласының дамуы қашанда өзекті әрі қажетті назарды талап етеді. Тұтынушыларды электрлі және жылу энергиясымен қамтамасыз ету – бұл электрэнергия саласының басты тапсырмасы. Менің ойымша осы тапсырмалар болашақ энергетиктерді тәрбиелеп шығаруда қазіргі оқытушылар мен ғылыми ортаның назарында болу керек», -дейді ол.


Ұқсас тақырыптар