Алматыда «Жас ұлан» қалалық әскери-патриоттық ойыны өтті

3.jpg

Әсем шаһарымыз Алматыда орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты базасында Әуезов ауданының әкімшілігімен бірлесе отырып  жасөспірімдер арасында «Жас ұлан» қалалық әскери-патриоттық ойыны өткізілді.

 Аталған шара  әскери  оқу орнының құрылғанына 17  толуына арналды, ойынға Алматы қаласының  10 мектебінен 80-нен астам жасөспірім оқушылар қатысып, бақ сынады.

Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (пневматикалық пистолеттен оқ ату), АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық сайыстар, әскерилендірілген кросс, тартылу мен қолдың бұлшық еттерін қатайту, әскери іс және тарихи-өлкетануды зерттеу бойынша сайысқа түсті. «Жас ұлан» ойындары адамның спортқа деген қабілетін арттыратын, жастардың қиын жаттығуларға бейімдігін, төзімділік қырларын ашатын ойын болып табылады.

2.jpg

Сонымен қатар, ойынға қатысушылар үшін институттың аумағын аралатып экскурсия өткізілді, онда жасөрендер заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы көріп, институттың курсанттарынан құралған «Бес қару», «Сұңқар» әскери патриоттық клубтарының орындауында қоян-қолтық және плац концерт айла тәсілдерінің үлгілерін тамашалады. Ойынға қатысушы командалар жарыстарда жігерлік пек әскери істі меңгеруге ерекше ықыласын көрсетті. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығы полковник Мустабеков Асқар Досбосынұлы:

 «Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім беру орындарында отансүйгіштік, патриоттық тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Ұрпағымыздың кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажеттілігін  институт  басшылығы мен оқытушы құрамы жақсы түсінеді. Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі — отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның рухани жаңғыру жалпыұлттық идеясының негізі болып табылады. Бүгінгі  патриоттық іс шара - Еліміздің әскери қызметінің лайықты ізбасарлары өсіп келетіндігін жақсы көрсетті. Қатысушылар жан-жақты дамыған және дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзінің әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі. Ал өзге кәсіпті таңдайтындар достық және командалық жұмыс сабағын алады», - деп атап өтті. «Жас ұлан» әскери-патриоттық ойындар нәтижесінде оқ бойы озық шыққан балалар жүлделі орындарды иеленді.

Жеңімпаздарға I, II, III   дәрежелі дипломдар, сонымен қатар Әуезов ауданының әкімінің атынан грамоталар тапсырылды.

4.jpg

Жалпы құрамалық есеппен сайыстың жеңісіне 1 мектеп-лицейінің құрама командасы жетті. Аталған іс-шарадан барлық қатысушылар ерекше сезіммен қанаттанып, тарқасты. 

РЭжБӘИИ «Бес қару» патриоттық клубының жетекшісі

ӘГП кафедрасының аға оқытушысы

полковник А.Ж.Жанузаков

Сурет Ербол Алибаевтікі


Ұқсас тақырыптар