Қарсыласынан жеңіліп қалған грузиялық боксшы бапкерін ұрып тастады

1.jpg

Алматы, BAQ.KZ. Жартылай ауыр салмақтағы грузиялық боксшы Леван Шония қарсыласынан жеңіліп қалған соң бапкеріне қол көтеріп, жағасынан алды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.

Рефери жеңімпаз ретінде болгарлық спортшы Спас Геновтің қолын көтерісімен Шони қарсыласына шабуыл жасамақ болады, кейін өзін сабырға шақырған бапкерінің жағасынан алып, қол көтерген.

Сегіз раундты жекпе-жек суперауыр салмақтағы Кубрат Пулев және Хью Фьюри арасындағы жекпе-жектің андеркадында өткен. Бұл Шони мәнсабындағы 12-ші жеңілісі болып отыр. Оқыс оқиғаның бейне жазбасы YouTube-те жаприяланған.



Ұқсас тақырыптар