DW: Ресейдің сүңгуір қайықтары енді тығыла алмайды

4.jpg

АҚШ ресейлік сүңгуір қайықтарды тауып алудың жаңа әдістерін жасап жатыр. Orion ұшағының ресейлік сүңгуір қайықтардың үстінен өткен кезде бағытын өзгерткенінен осындай тұжырым жасауға болады.

АҚШ әскери ұшақтары үшін Ресей атом сүңгуір қайықтары енді құпия емес. Ресейлік "Военно-промышленный курьер" апталық басылымы 23-29 қазан күнгі сандарында осылай жазған. Басылымның мәліметінше, АҚШ ресейлік атом сүңгуір қайықтарын тауып алатын жаңа әдістер жасап жатыр.

Басылым көрсеткендей, Североморскінің (Ресей) сүңгуір қайық офицерлері америкалық Orion барлау ұшағының ұшу тракеториясын ресейлік сүңгуір қайықтардың жаттығу кезіндегі орындарының картасының үстіне қойып көрген. "Ұшақ бағытын өзгерткен 10 нүктенің барлығы - біздің қайықтардың үстіне дәлме-дәл келіп тұр" деп жазады материал авторы Максим Климов. Автор сонымен бірге, америкалықтардың субмариндерді тіпті іздемей-ақ, тұрған орындарын дәл тауып барғанына назар аударады. Материалда аталғандай, Orion тура ресейлік сүңгуір қайықтың төбесінен дөп түсіп, үстіне меже (буй) лақтырып, сосын келесі қайыққа беттеп отырған.

Басылым сонымен бірге, IV толқындағы ресейлік субмариндердің шуыл көрсеткіштерінің АҚШ әскери-теңіз күштерінің әмбебап атом субмариндерінің осындай көрсеткіштерінен 10 децибелге қалып қойғанына да назар аударады. Оның үстіне, зерттеулер көрсеткендей, шуыл көрсеткіштері бірдей болғанымен, ресейлік "Северодвинск" пен "Казань" субмариндері америкалық Virginia және Seawolf тұрпаттағы субмариндерден жылдамдық жағынан қалып қояды. "Бұл өте-мөте тактикалық жетіспеушілік, оның салдары қандай болатынын біз әлі сезіп отырған жоқпыз" - дейді "Военно-промышленный курьер" басылымы.

 

Дереккөз: Baq.kz


Ұқсас тақырыптар