«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқастың болатынын тұспалдады

3.jpg

Мексикалық, орта салмақ әлем чемпионы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя жанкүйерлері мен барлық бокс қоғамдастығына «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқастың өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  Sports.kz.

Де ла Хойя Twitter-дегі парақшасында GGG мен Альварестің бірінші айқасындағы суретті жариялап, мынадай жазба қалдырды: «Ұлы айқастар бокс үшін әрдайым жақсы». Жанкүйерлер бұл жазбаны үшінші айқастың анонсы ретінде қабылдады.

Головкин - «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталды, екінші жекпе-жекте мексикалық судьялардың басым дауысымен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Головкин рингке келесі жылдың көктемінде шығады деген болжам бар. Ол өзінің соңғы кездесуін 15 қыркүйек күні өткізіп, рематчта мексикалық Сауль Альвареске жеңіліп, орта салмақтағы атақтарының барлығынан айырылған болатын.


Ұқсас тақырыптар