Стивен Хокинг өмірден өтті

4.jpg


Британдық астрофизик және космолог Стивен Хокинг 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат BBC News сілтеме жасап.

Хокинг қара құрдым теориясы мен салыстырмалылық теориясы саласындағы зерттеулерімен танылған. Сондай-ақ, британдық физик-теоретик бірнеше танымал кітаптардың, соның ішінде «Уақыттың қысқаша тарихы» атты еңбектің авторы.

Хокингтің балалары - Люси, Роберт және Тим BBC-ге сүйікті әкелерінің қайтыс болғанына қатты күйзелетіндіктерін жеткізген.

«Ол ұлы ғалым және ерекше адам болды. Оның еңбектері мен мұрасы өмір бойы жасайды», деп хабарлады агенттік олардың сөздерін.

1960-жылдардың басында Хокингте бүйір амиотрофикалық склероз белгілері пайда болып, соның салдарынан сал ауруымен науқастанды. Бірақ, ол ғылыми қызметімен белсенді айналысты.



Ұқсас тақырыптар