Ер адамға тап берген елестің видеосы жарияланды

1.jpg


Желіде мотоцикл жүргізушісіне "шабуылдаған" елестің видеосы таралып жатыр. Видео YouTube видеохостингінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бейнебақылау камерасына түсірілген видеода жолмен келе жатқан мотоциклшінің алдынан ақ киімді әйел сұлбасының ғайыптан пайда болып, қайта жоғалып кеткенін көруге болады. Ер адам тоқтап, абдырып қалады. Не болғанын түсіну үшін көлігінен түскен сәтте елес қайта пайда болған. Шошынған ер адам кейін қашқан. 

Видео 2016 жылы түсірілген екен. Дегенмен бұл жазба биыл 26 наурызда ғана жарияланған. Видеоның қайда түсірілгені белгісіз. 


Ұқсас тақырыптар