КХДР ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

2.jpg


Солтүстік Корея АҚШ өкілдеріне алғаш рет Корей түбегінің денуклеаризация мәселесін талқылауға дайын екендерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі америкалық шенеунікке сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, КХДР бұл мәселені Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі барысында талқылауға дайын. Сондай-ақ, америкалық және солтүстіккореялық шенеуніктердің жасырын түрде байланысқа шығып жүргендері айтылады.

Осыған дейін Солтүстік Корея өкілдері ядролық қарудан бас тарту шарттарын атаған болатын. "ҚХДР ядролық қаруды сатылай жоюды және бүкіл әлемнің денуклеаризациясын қолдайды. Дегенмен ҚХДР-ге ядролық қарумен үнемі қауіп төндіріп отырған АҚШ ядролық қаруға тыйым салу келісімін мойындамайынша, ҚХДР бұл келісімге қосылмайды", - деген еді Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы ұдайы өкілінің орынбасары Ким Ин Рен.

Дереккөз: Тengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар