Сауд Арабиясы Йемен провинциясын әуеден атқылады

8.jpg


Сауд Арабиясы басқаратын коалиция ұшақтары Йеменнің солтүстігіндегі Хадджа провинциясын әуеден атқылады. 

«Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің хабарлауынша, бомбалар үйлену тойы болып жатқан жерге түскен. Соққыдан 33 адам қаза тапты. 50-ден астамы жараланды. Марқұмдардың көбі әйелдер мен балалар. Жараланғандардың да 30-ға жуығы бұғанасы қатпаған жеткіншек. Қауіпсіздік қызметкерлері ұшақтардың бір жерді екі рет атқылағанын айтады. Мәліметтерге қарағанда, өткен сенбі, жексенбі күндері коалиция ұшақтары Йеменге үш рет соққы жасады. Оның бірі дәл осы провинциядағы тұрғын үйдің үстіне түсіп, бір отбасының 5 бірдей мүшесі мерт болды. 

Айта кетейік, Йемендегі қақтығыстар басталған үш жылдың ішінде 10 мыңдай тұрғын қаза тапты. 3 мың адам бас сауғалап босып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, бүгінде елде қалған тұрғындардың 80 пайызы гуманитарлық көмекке мұқтаж.


Дереккөз: 24kz


Ұқсас тақырыптар