Еврейлер арабтарды қырып салды

4.jpg


Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуына байланысты Израильдың шекаралас аумағында қанды қырғын болды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Газа секторындағы аймақта наразылық шеруін өткізіп, қарсы әрекет көрсеткен палестиналықтарға қарсы Израиль жауынгерлері оқ атқан.

Қанды қырғынның салдарынан 59 адам қаза тапты. Палестина автономиялық Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қайтыс болғандардың ішінде газбен уланған 8 жасар қыз да бар.


5.jpg


Иерусалимде АҚШ елшілігін ашып, Израиль мемлекеттігінің 70 жылдығын атап өткен еврейлер бірақ шекара маңына келіп, қарсылық көрсеткен арабтарды аяған жоқ. Елдің премьер-министрі Биньямин Нетаниьяху өз әскерилерінің әрекетін «қорғану мақсатында жасалды», –деп мәлім етті. Израиль Қорғаныс министрлігінің деректеріне қарағанда, шекараның 12 бөлігінде болған қарсылық қозғалысына арабтар жағынан 35 мың адам қатысқан көрінеді.  Олар шекараның арғы бетінен жанғыш заттар лақтырып, шекара аумағын бұзып кіруге тырысқан. Араб жағынан жараланған адамдар өте  көп. Бірақ олардың саны айтылған жоқ.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Айқын газеті



Ұқсас тақырыптар