Трамп Путин туралы: Ол жай ғана Ресейдің президенті

1.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 шілдеде Хельсинкиде өтеді деп жоспарланған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дональд Трамп Еуропаға сапары кезінде Владимир Путинмен кездесу әлдеқайда жеңіл болатын сияқты деп, әрі ол досына айналуы мүмкін деп үміттенетінін айтты. Трамп НАТО бойынша одақтас елдер басшылары өзінің Путинмен кездесуін қолдайтынын айтты.

"Ол (Путин - ред.) менің досым емес, мен оны жақсы білмеймін әрі ол менің дұшпаным да емес. Ол жай ғана Ресейдің президенті", – деді Трамп.

Қырымға қатысты сұраққа жауабында Трамп түбек өзіне дейінгі президент Барак Обаманың кезінде аннексияланғанын тағы қайталады.

"Мен мұндай оқиғаға жол берер ме едім? Жоқ, жол бермес едім. Енді Қырымның жағдайы қалай болатынын мен айта алмаймын. Бірақ Қырымдағы жағдайға көңілім толмайды", – деді Ақүй басшысы.

Ресей және АҚШ президенттері 16 шілдеде Хельсинкиде кездеседі. Владимир Путин мен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастық пен Сириядағы және Украина шығысындағы жағдайды талқылайды деп жоспарланып отыр.



Ұқсас тақырыптар