Ұлыбритания АҚШ-тың Қырым жөніндегі декларациясын қолдады

5.jpg

АҚШ мемдепартаментінің Қырым аннексиясын мойындамау жөніндегі мәлімдемесін Ұлыбритания да қолдайды. Бұл туралы Ұлыбритания СІМ-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

«Ұлыбританияның ұстанымы айқын: біз халықаралық құқықты бұзып отырған Ресейді айыптаймыз және Қырым – Украина территориясы», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ұлыбритания халықаралық деңгейде мойындалған Украина шекарасының тұтастығы мен егемендігін қорғау қағидатын толықтай қолдайтындығы да айтылған.

Ұлыбритания СІМ-і Қырым түбегіндегі адам құқығы жағдайына алаңдаушылық білдіруде және Лондон ресейлік билікті саяси тұтқындарды түрмеден босатуға шақыруда. Сондай-ақ, РФ-сы Қырым түбегіндегі адам құқығының сақталуын бақылайтын халықаралық ұйымдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі керек, делінген ведомства хабарламасында.

Еске сала кетсек, АҚШ Ресейдің Қырым аннексиясын ешқашан мойындамайтынын және Украина территориясының тұтастығын талап ететінін мәлімдеген болатын.


Ұқсас тақырыптар