Алматыда миграциялық ХҚКО ашылды

Таяуда Алматыда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы (МХҚО) ашылды. Мұндай халыққа қызмет көрсету орталығы бұған дейін Астана және Шымкент қалаларында ашылған болатын.

91_main.jpg

Биылғы жылдың алғашқы 8 айында Алматы қаласында миграциялық бағыт бойынша 50 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Алматы қаласы шетелдік жұмысшылар ең көп келетін мегаполис болғандықтан, миграция мәселесі күрделі.Жыл сайын бір Алматы қаласының өзіне бейресми деректер бойынша 100 мыңнан артық еңбеккүші келеді. Енді олар кезекке тұрып, арлы-берлі шапқыламайды. «Бір терезе» қағидасы бойынша өзіне керекті құжаттарды толықтай рәсімдей алады.

Бұрын шетелдіктер заңды тіркеуге тұрып, жұмыс істеу үшін бірнеше мекеменің табалдырығын тоздыруға мәжбүр болатын. Айталық, ЖСН алу, медициналық тексеруден өту, сақтандыру анықтамасын рәсімдеу, тағы басқа жұмыстар үшін бірнеше күн уақыт жұмсайтын. Жаңа орталық арқылы олар барлық құжаттарын бірер сағаттың ішінде рәсімдей алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың айтынша,

МХҚО-да шетелдік азаматтар мемлекеттік қызметтерді белгіленген уақыт ішінде регламентке сай бизнес үрдіс және электрондық кезек арқылы арнайы жабдықталған жұмыс орындарында ала алады. Бұл мигранттар үшін ғана емес, жұмыс беруші үшін де өте қолайлы. Жаңа МХҚО жұмыс барысын жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын-алуға жол ашады.

Мамандар заңсыз жұмыс күшін тарту және заңсыз миграцияның жолын кесу үшін осындай орталықтардың пайдасы көп деген пікірде. Елімізде жыл сайын заңсыз миграция бойынша 100-мыңға жуық факт тіркеледі. Соның көбі алыс-жақын шетелдерден жұмыс іздеп келгендердің тұрақты тіркеуге тұрмауы әрі жұмыс берушінің заңсыз жұмыс күшін пайдалануға ұмтылысынан туындайды.

mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар