Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды

3.jpg


Бундестаг Ангела Меркельді төртінші рет Германия канцлері етіп сайлады. Депутаттардың басым бөлігі оған қолдау білдірді, - деп хабарлады tengrinews.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Ангела Меркель қажетті дауыс жинады, канцлер болып сайланды", - деп мәлімдеді бундестаг басшысы Вольфганг Шойбле.

Депутаттар жасырын дауыс беру нәтижесін жариялау рәсімін қошеметпен күтіп алды. Трибунаға Меркельдің күйеуі Йоахим Зауэр мен  канцлердің 89 жастағы анасы Герлинд Каснер келді.

Басылымның мәліметінше, Меркельдің кандидатурасын Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ұсынды.



Ұқсас тақырыптар