АҚШ Украинаға әскери көмек ретінде 200 млн доллар бөледі

3.jpg


АҚШ Конгресі Украинаға әскери көмек ретінде ұшып атылатын қаруларды қоса алғанда 200 млн доллар бөледі. Украинаға тасымалы зенитті ракеталық кешен беруге тыйым салынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

АҚШ Конгресі ұшып атылатын қаруларды қоса алғанда, 200 млн доллар бөлуді қарастырып жатыр. Бұл жөнінде құрама штаттардың 2018 жылға арналған бюджет жобасында көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, бұл қаражат Пентагонга мемлекеттік департаментпен келісу арқылы қорғануға арналған ұшатын қарулар, әскерилерді үйрету, барлау мен қаруды алмастыру саласын қолдау аясындағы шығындарға сәйкес бөлініп отыр. Алайда, Украинаға зенитті ракеталық кешен ұсыну секілді бірқатар тыйым салулар бар.


Ұқсас тақырыптар