Порошенко: Донбасты бейбіт түрде қайтару керек

1.jpg


Украина президенті Петр Порошенко Донбаста соғысып жатқан украин әскерилерін "қорғанысқа әзір болуға" және Ресей қолдайтын сепаратистердің бітімді бұзуына жауап беруге әрдайым дайын болуға шақырды. Дегенмен Порошенко Украинаға бағынышты Луганск және Донецк облыстарындағы аумақтарды күшпен емес, саяси және дипломатиялық жолмен қайтару маңызды екенін айтты. Бұл жайында Азаттық радиосы мәлім етті.

Порошенко 1 сәуір күні Мариупольге барған. Мұнда ол әскерилермен кездесіп, Пасха мерекесімен құттықтаған. Президент "арандату салдарынан әскерилердің оқ атпау туралы бұйрықты орындауы кейде қиын болатынын" түсінетінін айтқан.

Донбастағы қақтығыс аймағында қазір "Пасха бітімі" күшіне енген. Бірақ атыс ара-тұра болып тұрады. Кейбір ақпараттар бойынша, соңғы тәулікте екі украин сарбазы жараланған.



Ұқсас тақырыптар