Ресей Американың бас консулдығын жауып тастады

2.jpg


Ресейде АҚШ-тың 60 дипломаты елден аластатылып, Санкт-Петербургтегі Американың бас консулдығы жабылады. Бұл Кремльдің Ақ үйге жауап қайтару ретінде жасалған әрекеті, деп мәлімдеді КТК арнасы.

Себебі, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік 60 дипломатты еліне қайтарып, Сиэтлдегі Ресей консулдығын жабуға пәрмен берген еді. Мұндай шараларды Еуропаның бірнеше мемлекеті де қабылдаған. Көрші елдің АҚШ пен Батыс арасындағы қатынастарына сызат түсуіне Ресей бас барлау басқармасының бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Ұлыбританияда улануы себеп болып отыр. Осы жағдайдан кейін Лондон бұған Мәскеудің қатысы бар деп айыптап, Корольдіктен ресейлік 23 дипломаттың кетуін талап етті. Алайда Мәскеу тағылған айыпты жоққа шығарды. Айта кетейік, Құрама Штаттардың Мәскеудегі 58 елшісі мен Санкт-Петербургтегі  бас консулдығының екі қызметкері сәуірдің 5-не дейін Ресей аумағынан кетуі тиіс.



Ұқсас тақырыптар