Иммунды ынталандырғыш жасап шыққан Айгүл

1.JPG

Малмакова Айгүл Ербосынқызы – А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының қызметкері, РһD докторы. Синтетикалық және табиғи дәрілік заттарды зерттеп, иммунды ынталандырғыш және жергілікті анестезирлеуші қасиетке ие белсенді зат жасап шығарған. Еліміздегі фармацевтика өнеркәсібін дамытуға үлкен үлес қосып жүрген Айгүл Ербосын қызы өз тәжірибесімен бөлісті.

Мықты мамандар бағыт берді

Үйдегі тәрбие балаға қатты әсер етеді. Менің ғылым саласына келуіме отбасымның тікелей әсері бар. Әкем де, анам да химия-биологияның мамандары. Бала күнімне ол кісілерге қарап қатты қызығатынмын. Сондықтан осы бағытты таңдадым деп ойлаймын. Балалық қызығушылығымды шыңдаған ұстазым, академик Қалдыбай Пралиев болды. Институттың табалдырығын аттағалы бері ол кісі бағыт-бағдар беріп, ғылыми химияға деген махаббатымды оятты. Докторантурада оқып жүргенімде Джон Велдж деген жетекшіммен бірге әлемнің көптеген елдеріне барып тәжірибеден өттім. Осындай мықты мамандардың бағыттауының арқасында синтетикалық және табиғи дәрілік заттарды зерттеуге қиындықсыз кірістім.

2.JPGҒылымның керек екенін түсіндім

Бір кездері ҚазҰУ-ға барып сабақ беретін болып шештім. Бір жылға жуық уақыт жұмыс істегеннен кейін ғылымның маған керек екенін түсіндім. Білімді жастармен жұмыс жасау өте үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап етеді. Олар өміріңді басқа арнаға бұрып, әр минутымды бағалауды үйретті. Дегенмен, өзімнің ғылымға үйреніп қалғанымды байқамай қалыппын. Мен ғылымсыз өмір сүре алмайтынымды түсінген сәттен, басқа бағытқа ауыспаймын деп уәде беріп, қайтадан институтқа оралдым. Меніңше, химия – барлық ғылымдардың бастамасы.

Зертхана қалай жұмыс істейді?

Көптеген ғылыми еңбектерге сүйене отырып, жан-жақты зерттеу жасап, синтезделген затты ұсынамыз. Формакологтар мен биологтар бізге жансыздандырғыштарды тауып, өнімімізді сынақтан өткізеді. Мысалы, тышқанға бақылау жүргізетін болсақ. Екеуіне медицинада қолданылатын препарат, екеуіне біздің ұсынған өнімімізді, екеуіне мүлдем еш нәрсе екпей көреді. Бір препарат минутқа, енді бірі жарты сағатқа әсер етуі мүмкін. Енді бірінің бір-бірінен ешқандай артықшылығы болмауы мүмкін. Сол сияқты сараптамалар жасалып, жан-жақты талдау жұмыстары жүргізіледі. Біздің өнім жарамды болған жағдайда біз патент алуға ұсыныс береміз. 

3.JPG

Иммунды ынталандырғыш және жергілікті анестезирлеуші

Жаңа эффeктивтi дәрiлiк зaттaр iздecтiріп, зерттеулер нәтижесінде иммунды ынталандырғыш және жергілікті анестезирлеуші қасиетке ие қазіргі медицинада қолданылып жүрген препараттардан биологиялық әсерлілігі жоғары, уыттылығы біршама төмен қосылыстар синтездедік. О-бензоилоксимді иммунды ынталандырғыш және жергілікті анестезирлеуші қасиетке ие белсенді зат түрінде ұсынған болатынмын. Біздің жасаған белсенді затымыз қазір медицинада қолданылатын левамизолға ұқсас. Алайда, өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Нәтижесінде улылығы төмен биологиялық спектры кеңейтілген өнім пайда болады.

Сынақтан өткен

Зерттеу барысында жынысы әртүрлі тышқандар алынды. Жасы – 16-18 апта, салмағы – 210-280 кг. Зерттеуге дейін олар бірдей жағдайда бапталып, 9:00 де тышқандардың орбиталы қан тамырынан қан алынды. «Abacus junior vet» деп аталатын зертханалық жануарларға арналған гемотологиялық анализаторда қандары тексерілді. Жануарларға әртүрлі препарат егіп, 5 тәулік бақылауда ұстадық. Көптеген препараттар, интоксикацияға, қанның төмендеуіе әкеліп соқтырды. Ал біздің өнім өзінің өзектілігін дәлелдеп шықты. Осылайша қазіргі таңда оны патентке ұсынып отырмыз.

Бүгін мен болашақ

Еліміздің дәрілік заттар саясаты концепциясына сәйкес фармацевтика секторының интеллектуалдық потенциалы мен дамуы химия ғылымының дамуымен тікелей байланысты. 6000 (oның тeк 600 Қaзaқcтaндa өндiрiлeдi) прeпaрaттық aйнaлымы бaр қaзaқcтaндық нaрықтaғы дәрiлiк зaттaр жылынa 400 млн. AҚШ дoллaрынa бaғaлaнaды. Қaзaқcтaндaғы фaрмaцeвтикaлық зaттaр нaрығы импoрт нaрығы бoлып қaлмау үшін фaрмaцeвтикa өнеркәсіптің өндiрic қуaтын aрттыру - ocы саланы дaмытудың бірден бір жолы. Еліміздің дәрі-дәрмек саласын дамытуға барынша үлес қосып, химиялық-фармацевтикалық ғылыми орталықтар құрғым келеді.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz




Ұқсас тақырыптар