Пластик бөтелкеден қалай шайыр жасауға болады?

Әкім Ергешов – пластик бөтелкелерден полиэфирлі шайыр алудың жаңа жолын ұсынған жас ғалым. Екінші дәрежелі полимерлі шикізаттан шайыр өндірудің технологиясын зерттеген ол глюколиз реакциясын қолдана отырып, синтездеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Болашақта шайырдан дайын өнім жасағысы келеді. 

3.JPG

Шайыр – құнды шикізат

«Полиэфирлі шайыр – бұл композициялық полимерлік өнімдерді жасауға арналған шикізат. Ол құрылыс материалдарын жасауда үлкен сұранысқа ие болып отыр. Boeing-777 және 787 сынды заманауи аппараттардың 70%-ы шайырдан тұрады. Тіпті қарапайым трубаларды әзірлеуде де бұл өнімнің алатын орны ерекше. Отандық өндірушінің болмауы көптеген шығынға ұшыратып отыр. Біз қолымызда бар нәрсені әлдеқайда қымбат бағаға басқа мемлекеттен сатып алудамыз. Оған қоса, қоқыс мәселесінің де мәз емес екені белгілі. 100 000 тұрғыны бар қала ай сайын 20 тоннаға жуық пластикалық бөтелкені қоқысқа тастайды. Тіпті көптеген жануарлар осы пластиктің ағзаларына түсуі арқылы зардап шегуде. Мәселен, 1 миллионға жуық құс пен 100 тасбақаның өлімі осы пластикпен тікелей байланысты. Яғни, біздің жасап отырған өніміміз барлық жағынан халыққа пайдалы екені анық», - деп жобаның маңыздылығын атап өтті. Шын мәнінде статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, әлемде 270 мың тоннаға жуық пластик бөтелкенің қалдығы жинақталған. Егер оны әлдеқайда пайдалы шайырға айырбастар болсақ, берері көп болмақ.

Өндірістің бірнеше жолы бар

«Карбон қышқылы және оның ангидридттері мен модификацияланған қосылыстарының өзара байланысын теориялық тұрғыда зертттей отырып, инертті газдердың атмосферада катализаторсыз таралуын қарастырудамыз.

Лабороторияда жоғарғы сапалы, соққыға төтеп бере аларлықтай қатты, әртүрлі құрлыс материалдарын, тас, шыныпластик, автокөліктердің кузовтарын, радиоэкрандаушы жиынтықтарды жасауға қолдануға болатын шайыр өндіргіміз келеді. 

1.JPG

Ұсынылып отырған шайыр өндіру жолы үш сатыдан тұрады. Олар полиол алу үшін полиэтилентерефталаның глюколиз реакциясына ұшырауы, полиолдың қышқылдармен әрекеттесуі, карбон қышықылы реакциясы. Малеинді және фталенді ангидридтер, диметилпропандиол, пропиленгликоль және диэтиленгликольдер арқылы шайырды пластиктен жасайтын боламыз. Жасалатын әрбір реакцияға шамамен 5-6 сағаттай уақыт кетеді.», - дейді Әкім.

Өніміміздің артықшылықтары көп

«Полиэфирлі шайырдың артықшылықтары көп. Ол аз мөлшерде жылу талап етеді, ылғалтұрақтылығы жағынан жақсы көрсеткіш көрсетіп, мехникалық тұрғыдан төзімді, химиялық қосылыстарға қарсы тұра алады, температураның ауыспалы болуынан өзгеріске ұшырамайды, әртүрлі салада қолдануға бейім болып келеді»,-дейді.

Отандық өнім әлде қайда тиімді болмақ

«Жұмыс нәтижесінде полиэфирлі шайыр жасаудың екі жолы ұсынылатын болады. Арнайы сынақтан өткізуге арналған партия дайындалып, технологиялық тұрғыдан дамыту жолдары қарастырылады. Жобамыз толығымен дайын болғанда потент алатын боламыз. Болашақта, өнімімізді шетелдіктердің де сатып алғанын қалаймыз. Шайыр жасау арқылы біз Қазақстанда өндірілген отындық затыты нарыққа ұсынып, 20-30% ға арзан сататын боламыз. Оған қоса, экология мәселесін шешіп, композициялық полимерлік материалдар өндірушілерге уақыт және ақша үнемдеуге септігімізді тигіземіз. Арнайы лабораторияға қол жеткізер болсақ, шайырды қолданылу бағыты бойынша сұрыптай отырып, тапсырыс берушіге ұсынатын боламыз. Жобамыз шайыр өндірудің ғылыми тұрғыдан зерттеп, тәжірибе жасай отырып дүниеге келгендіктен, жүзеге асыруда құрамы жағынан, техникалық жағынан кемшілігі болмайды деген үміттеміз», - дейді ол.

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар