Qagazbot – студенттерге арналған терминал-принтер

Айдар Дармеш, Елхан Иманкулов, Жандарбек Джаланкузов тәуліктің барлық уақытында жұмыс жасайтын басып шығару терминалын жасап шығарған. Qagazbot терминалдары бірнеше жоғарғы оқу орнында сынақтан өтіп, студенттер арасында танылып үлгерген. Арнайы басып шығару дүкендері жұмыс жасамайтын мезгілдерде жұмыс істейтін терминалдың авторы Айдар Дармешті әңгімеге тарттық.

1.jpg

Тиімді терминал

- Qagazbot терминалы несімен тиімді? Жоба кімге арналған? 

- Жобамыз студенттерге арналған. Білім алушылар дипломдық, курстық, өзіндік жұмыстарын тек көшіру орталықтары жұмыс істеген уақытта ғана басып шығара алады. Ал біздің терминалдардар студенттерге тәуліктің барлық уақытында қолжетімді. 

- Терминал қандай оқу орындарында сыналды? Жұмыс істеу жүйесі жайында айтып берсеңіз.

- Қазіргі таңда KIMEP пен IT университеттерінде алғашқы нұсқалары орналасқан. Басты ерекшелігі – флешка қабылдамайды. Арнайы ВК әлеуметтік желісіндегі бот арқылы ақпаратты қабылдаймыз. Ботқа құжатты жіберіп, терминалда қанша дана қажет, қанша бетке туралау керегін белгілеп, картаңмен төлем жүргізесің. Бот саған тапсырыс номерын хабарлама арқылы жібергеннен кейін, құжатты басып шығарып аласың.

2.jpg

Толастамйтын тұтынушылар

- Терминалды тек студенттер ғана тұтына алады ма?

- Біз жобаның аудиториясын кеңітпек мақсатта оқушылар мен ересектерге арналған нұсқасын да жасаған болатынбыз.  Бірақ, бұл категориялармен жұмыс жасау бізге  қолайлы болған жоқ. Өйткені, олардың қажеттілігі студенттерге қарағанда әлдеқайда аз.

- Қағаз басып шығарудан басқа қандай қызметтер атқарады? Қай желі бойынша жұмыс жасайсыздар? Жобаны жасап шығару үшін неше уақыт қажет болды?

- Бастапқыда IOS, Android нұсқаларын, сайтын жасап, ақпарат алудың осы жолдарымен де жұмыс істеп көрген болатынбыз. Бұл өте қолайсыз болды. Сондықтан өзіміздің тұтынушыларымызға жақын болу мақсатында бәріне ортақ ВК желісін таңдап алдық. Оған қоса, кестелер, купондар да енгізіп көргенбіз. Алайда, бұл жұмыстар бастапқы бағытымыздан жаңылдырды. Сол себепті тек, басып шығаруды дамытқанды жөн көрдік. Жалпы алғанда жобаны толыққанда жасап шығаруға 5 ай уақыт жұмсалды.

3.jpg

Қолайлы уақыт

- Терминал қаншалықты сұранысқа ие?

- Жобамыз қолданушылар арасында жақсы сұранысқа ие болды. Студенттердің кестесі уақыт талғамайтын болғандықтан, олар үшін өте қолайлы. 8-дегі сабаққа барғанда, не болмаса магистранттар мен докторанттарға, кешкі ауысымда оқитындарға қолжетімді. 

- Жобаның болашағы бар ма?

- Алдағы уақытта қолданылу аясы тар болмақ. Көптеген жоғарғы оқу орындары өзіндік базаға көшіп жатқандықтан біздің терминалдарды қажет етпеуі ықтимал. Сондықтан, арнайы диплом шығару үшін ғана қажет болуы әбден мүмкін. Сондықтан да нақтыланған жоспар қойып отырған жоқпыз. 

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар