Семейде Ұлықбек Есдәулет атындағы стипендия тағайындалды

5.jpeg

Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулеттің «Аққу сыр, қанатты наз, қауырсын өлең…» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алтайньюс-қа сілтеме жасап.

Кешке Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі қаламгер, журналист Әлібек Қаңтарбаев, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков, ақын Тыныштықбек Әбдікәкім, Естай Әлікеев сынды кешке құтты болсын айта келген көптеген зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысып отырды.

Кеш соңында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров Ұлықбек Есдаулетке «Құрметті профессор» атағы мен төсбелгі табыс етті. Иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Сонымен қатар, осы оқу орнында оқып жүрген үш студент Мұратқали Назерке, Айшолпан Тілеутай, Азамат Қайырбековтер Ұлықбек Есдәулет атындағы грантқа ие болды.


Ұқсас тақырыптар