Отандық суретшілердің туындылары «Меломан» дүкендері арқылы көпшілікке жол тартуда

IMG-20180611-WA0036.jpg

Қазақстан суретшілер одағы отандық суретшілердің туындыларын «Меломан» дүкендері арқылы көпшілікке кеңінен таныту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Mezgil.kz ақпарат агенттігіне аталған одақтың жауапты хатшысы әрі  өнертану ғылымдарының кандидаты Жамбыл Натбаев хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда суретшілердің шығармаларын халыққа қандай жолмен болмасын жеткізе білу керек.

IMG-20180611-WA0034.jpg

«Меломан» дүкендер желісімен игі бастама бастап отырмыз. Онда сатылатын кітаптардың мұқабаларында, қағаз қораптарда, блокноттарда және күнтізбелерде суретшілеріміздің шығармалары бейнеленуде. Бұл өз суретшілерімізді дәріптеп, олардың жұмысын көпшілікке танытудағы ұтымды жол деп білемін»,  - дейді Ж. Натбаев.

Сондай-ақ ол, «Меломан» дүкендер желісімен жасалған келісімнің арқасында, қылқалам иелерінің шығармаларын халыққа таныту жұмыстары тегін атқарылып отырғанын айтты.

IMG-20180611-WA0035.jpg

«Өздеріңіз байқаған болсаңыздар бұған дейін осы дүкендер желісіндегі кітаптардың мұқабаларында ресейлік және шетелдік суретшілердің жұмыстары бейнеленіп келген. Біз сол олқылықтың орнын толтыру үшін осындай қадамға барып отырмыз әрі бұл жалғасын тауып, алдағы уақытта да суретшілеріміздің картиналары халыққа таныстырыла береді. Халық қазіргі суретшілеріміздің дүниелерімен етене танысқаны жөн», - дейді суретші.

Ж. Натбаев еліміздің суретшілеріне қолайлы жағдай жасау үшін Суретшілер одағы мүмкіндігінше жұмыс істеп жатқанын және тағы басқа мекемелермен де келісімшарт жасасқанын айтып өтті.

IMG-20180611-WA0032.jpg

 «Abdi» компаниясымен де келісімшарт жасасқанымызға бір жылдай болды. Соның арқасында Одақтың суретшілері кеңсе тауарларын 10-30 пайыздық жеңілдікпен алып жүр. Бұл аз да болса да өнер иелеріне қолдау», -дейді Жамбыл Натбаев.


Ұқсас тақырыптар